Объявления сайта

М.Өтемісов атындағы БҚУ-да 2020-2021 оқу жылының екінші семестрінде оқу үрдісін ұйымдастыру және оқыту форматы туралы ақпарат / Информация об организации учебного процесса и формате обучения во втором семестре 2020-2021 учебного года в ЗКУ им.М.Утемисова

 
Picture of Валия ЦИТ
М.Өтемісов атындағы БҚУ-да 2020-2021 оқу жылының екінші семестрінде оқу үрдісін ұйымдастыру және оқыту форматы туралы ақпарат / Информация об организации учебного процесса и формате обучения во втором семестре 2020-2021 учебного года в ЗКУ им.М.Утемисова
by Валия ЦИТ - Friday, 8 January 2021, 4:35 PM
 

Барлық білім беру бағдарламалары бойынша 1 курс студенттері үшін оқу сабақтары 2021 жылдың 18 қантарынан аралас оқыту форматында ұйымдастырылады (дәрістер - онлайн, санитарлық режим және әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, қолданбалы сипаттағы семинарлар, зертханалық және практикалық сабақтар - күндізгі форматта). 

COVID-19, өкпе пневмониясы немесе басқа да вирустық аурулар белгілері болған жағдайда студенттер қашықтықтан оқу форматында оқытуды жалғастыру жөніндегі өтінішін дәлелдейтін құжаттармен бірге жолдайды.  Келіп түскен өтініштерді сапаны қамтамасыз ету комитеті қарап, қабылдаған шешімді білім алушылардың қаперіне жеткізеді. 

Ағымдағы оқу жылының екінші семестрінде 2 және 4 курстарда оқу форматы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмауға байланысты шектеу шаралары кезеңінде жоғары оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыруға арналған әдістемелік ұсынымдарға сәйкес бұрынғыдай, яғни  2020-2021 оқу жылының бірінші жарты жылдығындағыдай форматта сақталады. 

Жатақханаға орналасуды қажет ететін барлық білім алушылар үшін бөлмелердің 50% толымдылығына сәйкес орындар беріледі. Жатақханада тұратын білім алушылар санитарлық-эпидемиологиялық режим (СЭР) талаптарына сәйкес жатақханада тұру режимін қатаң сақтауы тиіс.

М.Өтемісов атындағы БҚУ академиялық қызмет департаменті


Для студентов 1 курса по всем образовательным программам учебные занятия начинаются с 18 января 2021 года в смешанном формате (лекции – онлайн, семинары, лабораторные и практические занятия прикладного характера в очном формате при соблюдении санитарного режима и социальной дистанции). 

В случае наличия признаков COVID-19, легочной пневмонии или других вирусных заболеваний, студент подает заявление о продолжении обучения в дистанционном формате, с подтверждающим документом. Комиссия по обеспечению качества рассматривает поступившие заявления и выносит решение, которое доводится до сведения обучающегося. 

Формат обучения на 2-4 курсах во втором семестре текущего учебного года сохранится прежний, как в первом полугодие 2020-2021 учебного года, согласно Методическим рекомендациям по организации учебного процесса в вузах в период ограничительных мер, связанных с недопущением распространения коронавирусной инфекции. 

Для всех обучающихся, нуждающихся в общежитии, будут предоставлены места с 50% наполняемостью комнат. Проживающие в общежитии обязаны строго соблюдать режим проживания, в соответствии с нормами санитарно-эпидемиологического режима (СЭР).

Департамент академической деятельности ЗКУ им. М. Утемисова